USD
USD
USD

2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Астанада ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

.
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Отырыста басты мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту тақырыбы болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталды. 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Жиында жұмыс орнындағы адам қауіпсіздігі мен қорғалуы да қаралды.

«Цифрландыру жағдайында ыңғайлы әрі түсінікті коммуникация құралдарын енгізу маңызды», – деп есептейді Аида Балаева.

.
gov.kz

Сонымен қатар, тараптардың кепілдіктерін, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын еңбек шартын әзірлеу тапсырылды.

Ведомствоның басым міндеттерінің бірі – мүгедектігі бар адамдарды кешенді әлеуметтік қорғау. Оларды жұмыспен қамту тәсілдерін жетілдіру, техникалық қажет құралдарымен қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелері өзекті екені айтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіруге ерекше назар аударылды.

Мүгедектікті тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында премьер-министрдің орынбасары Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіруді тапсырды. Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында министрлік алдында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыда жаңғырту бойынша ауқымды міндет тұрғаны сөз етілді.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен