USD
USD
USD

2026 жылы Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан Азия біріншілігі өтеді

Елімізде халықаралық деңгейдегі жарысты өткізуге база бар. Былтыр Алматы қаласында Әлем чемпионаты өткізілген болатын. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының вице-президенті Әйгерім Арпабаева мәлімдеді.

эстетикалық топтық гимнастика
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бүгінде отандық спортшылар Жапония құрамасына ғана есе жіберіп отыр.

«Қазақстан Жапония елімен бәсекелес. Кішкентай қыздарымыз (юниор командасы) үшінші орын алды. Жапонияда эстетикалық топтық гимнастика он жылдан бері дамып келеді. Ал біз енді ғана бастап жатырмыз. Сеньоралар тобында екінші орын алдық. Ол қыздар 19-21 жаста. Біздің қыздар 16-17. Қыздарымыз дайындалып, келесі Азия чемпионаты - 2026 жылы Астана қаласында бірінші орын алады деп ойлаймыз», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу