Референдум Референдум
USD
USD
USD

2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар МӘМС бойынша медициналық көмек алатынын баса айтты.

Қор
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Біздің басты мақсатымыз – ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру.

2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджеттер есебінен медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады.

Осындай ауқымды өзгерістерді бірлесіп жүзеге асыруға күш жұмылдыру керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Денсаулық сақтау министрлігіне, Еңбек министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірге медициналық сақтандырудың жаңа тетігін енгізу бойынша үйлесімді жұмысты жүргізу тапсырылды.

Премьер-министрдің тапсырмалары:

«Өңір әкімдіктері мен Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдап, сақтандыру жүйесіне жарна төлеуге қатысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Жергілікті деңгейде енгізіліп жатқан өзгерістерді іске асыруға әкімдіктерді барынша жұмылдыру керек»

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда