USD
USD
USD

2026 жылдан бастап Алматыда жаңармаған базарлардың жұмысы тоқтайды

Алматыда заманауи базарларға көшу кезеңі басталды. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов айтты. 

Арыстан базары
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Біздің мақсатымыз — базарларды қайта салу ғана емес, қауіпсіз және қолайлы сауда кеңістігін қалыптастыру. Мұнда бизнес дамып, қала тұрғындары өзін жайлы сезінуі тиіс. Бұл сатып алушыларды, кәсіпкерлерді және қаланың өзін қорғауға бағытталған «Сауда қызметін реттеу туралы» заң талабы», — деді Олжас Смағұлов.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 29 базар толықтай жаңғыртылды: олардың аумағында күрделі құрылыстар салынды, инженерлік инфрақұрылым ауыстырылды. Тағы 21 базар жаңғыртылып жатыр, ол жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ескірген «Жібек жолы» базарының орнына жаңа меншік иесі заманауи тұрғын үй кешені мен сауда орталығын салады.

Қала әкімдігінің мәліметінша, жалпы кейінгі жылдары қаладағы базарлардың саны 59-дан 51-ге дейін азайған.

«Әкімдік кәсіпкерлердің алаңдаушылығын түсінеді. Жалға алуа бағасының өсуі табысты арттыру мақсатында емес, қайта жаңғыртудан кейінгі пайдалану мен коммуналдық шығындардың көбеюіне байланысты болып отыр. Себебі жаңартылған базарлар орталықтандырылған жылу, су және кәріз жүйелеріне қосылады, санитарлық талаптар мен абаттандырылған аумақ қамтамасыз етіледі. Реконструкция кезеңінде жалға алушыларға сауда орындары уақытша жеңілдікпен беріледі», — деді ол.

Сондай-ақ Алматы әкімдігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-2-бабына сәйкес, базарларды модернизацияламау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап талаптарды орындамаған базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.