USD
USD
USD

2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы белгілі болды

Әзірбайжанның Шуша қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері бас қосқан жиында 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып Ақтау қаласын жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай жаңалықпен Қазақстанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар әлеуметтік желіде бөлісті.

"Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл үлкен жетістік. Себебі жыл бойы түбі бір түркі елдері Каспийдің жағасында бас қосып, түрлі шаралар өткізеді. Аймақтың туристік әлеуеті артады. Бұған дейін түркі әлемінің мәдени астанасы Астана мен Түркістан қалалары болған еді", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Түркі әлемінің осы жылғы мәдени астанасы Әзірбайжанның Шуша шаһары болса, келер жылы Түрікменстанның Анев қаласы болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті