Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін - Болат Ақшолақов

2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін - Болат Ақшолақов
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында. Табиғи газды кеңінен пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін, яғни 4,8 млрд текше метр деңгейінде өсті. Газ тұтыну өсімі шамамен 35 пайызды немесе жыл сайын орта есеппен 7 пайызды құрады», - деді Б. Ақшолақов.

Оның айтуынша, газ саласын дамытудың негізгі тежеуіш факторы бағаны ұстап тұру саясатына байланысты.

«Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік болуы мүмкін», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында Б.Ақшолақов Қазақстанда 11 млн адам газбен қамтамасыз етілгеннін айтты.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.