USD
USD
USD

2025 жылға дейін Астана мен Алматыда француз тіліндегі мектептер ашылады

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда француз мектептерін ашу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

2025 жылға дейін Астана мен Алматыда француз тіліндегі мектептер ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Франция президенті Эмманюэль Макронның 2023 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында екі ел үкіметтері арасындағы халықаралық (француз) мектептерді ашу мен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісімге қол қойылды. Қазір Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі халықаралық мектептерді ашу туралы Келісімді жүзеге асыру тұрғысында жұмыс тобын құруды іске асырып жатыр. Келісімге сәйкес 2025 жылға дейін Астана мен Алматы қалаларында француз тілінде оқытатын мектептер ашу жоспарланған», - делінген министрлктің жауабында.

Мектептердегі сабақтар француз тілінде, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Халықаралық мектептің білім беру бағдарламасына енгізу үшін міндетті пәндер ретінде қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы және география болады. Қазір мектептердің жұмыс істеуіне қатысты басқа да ұйымдастыру мәселелері пысықталып жатыр.

«Елімізде француз мектептерін ашуға, француз тілін үйретуге, академиялық байланысты арттыруға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды. Біз мұны жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар