2025 жылы жер қойнауын пайдаланушылармен 901 млрд теңгеге 551 келісімшарт жасалды

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің өнеркәсіптік дамуы аясында отандық тауарөндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруді және сатып алу көлемін ұлғайтуды жалғастыруда.
Алматы, NEGE. 2024 жылы Қордың еншілес компаниялары 537,4 млрд теңгеге 287 келісімшарт жасады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен шамамен үш есе артық. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы сомасы 230,3 млрд теңгеге 417 келісімшарт рәсімделді.
Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінің негізгі секторларының бірі саналатын жер қойнауын пайдалану саласы да айтарлықтай нәтижелер көрсетті: 2024 жылы 138,9 млрд теңгеге 290 келісімшарт жасалды — 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп, ал 2025 жылдың алғашқы алты айында 901,4 млрд теңгеге 551 келісімшартқа қол қойылды.
Жалпы, жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларының үлесі жалпы көлемнің 40%-нан асады. Бұл көрсеткіш Президенттің ірі бизнесті индустриялық дамуға тартуға жасаған басым бағытын айқын көрсетеді.