2025 жылы жеңілдетілген қаржыландыруға 271,1 млрд теңге бөлінеді

«Даму» қоры отандық бизнеске қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсете отырып, Кәсіпкерлікті кешенді қолдау бағдарламасының негізгі құралдарын іске асыруды жалғастыруда.
Алматы, NEGE. ШОБ-тың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға және банк өтімділігін экономиканың нақты секторына тартуға басты назар аударылуда.
2024 жыл қорытындысы бойынша несиелерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру көлемі шамамен 1 трлн теңге болатын 17 мыңнан астам жобаны қамтыды. Жалпы құны 310 млрд теңгенә құрайтын 8 мың жобаға кепілдік берілді. Сала бойынша өңдеу өнеркәсібі (33,3%), көлік және қоймалау (17%), білім беру (7,8%) көш бастап тұр. 2025 жылы жеңілдетілген қаржыландыруға 271,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Қаржылық емес қолдау аясында 15 мыңға жуық кәсіпкер оқытылып, бизнесті жүргізу мәселелері бойынша 135 мыңнан астам кеңес берілді.
Айта кету керек, 2025 жылдан бастап «Даму» қоры базасында ірі инвестициялық жобалар мен ШОБ несиелеуге арналған екі кепілдік тетігі іске қосылды. Ірі бастамаларға арналған кепілдік қоры 7 млрд теңгеден басталатын жобаларды қамтиды, экономиканың негізгі секторларын: өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға бағытталған. ШОБ қоры 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды қамтиды және бизнестің мемлекет қаражатына тәуелділігін төмендетуды және кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз кәсіпкерлерді қолдауды көздейді.
2025 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша қазірдің өзінде 170,2 млрд теңгеге 1 069 жоба қолдау тапты, оның 92,16 млрд теңгесіне кепілдік берілген. Кепілдіктер жеңілдетілген рәсім бойынша екі жұмыс күні ішінде ұсынылады, негізгі бағыттар – өңдеу өнеркәсібі, көлік, қоймалау және білім беру қызметтері.