USD
USD
USD

2025 жылы Қазақстанға 7,5 млн-нан астам шетелдік келді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 7,5 млн-нан астам шетелдік келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға көп, ал елімізден шығып кеткендердің санынан 300 мың адамға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов хабарлады.

Саяхат
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Келушілердің 90%-ы Тәуелсіз мемелекеттер достастығы елдерінің азаматтары. Ең көбі Өзбекстан (2,8 млн), Қырғызстан (1,7 млн) және Ресейден (1,5 млн).

Бүгінгі таңда елімізде 212 мың шетел азаматы тұрақты тіркелген. Соңғы үш жылда олардың саны айтарлықтай көбейген – 42%. Егер 2022 жылы олардың саны 148 мың болса, 2025 жылы 212 мыңға жетті. Өзге елдің азаматтарының ең көбі Алматы қаласында (42 мың), Алматы облысында (32 мың) және Астана қаласы мен Қарағанды облысында (17 мыңнан) тұрып жатыр.

Қазіргі таңда 87 мемлекеттің азаматтары елімізге визасыз кіре алады, бұл олардың сапарын жеңілдете түседі. Одан бөлек, 107 елдің азаматтарына электрондық виза қолжетімді. Соңғы уақытта 9 мыңнан астам электронды виза беріліп, 270 млн теңге жиналды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

БПЛА

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

.

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Сот

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс