4 Желтоқсан 21:36
...

2025 жылы Алматы бюджетінің 41%-ы әлеуметтік салаға бағытталады

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 2025 жылы бюджет жобасында әлеуметтік салаға 806,1 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл алдын ала ақпарат бойынша қала бюджеті шығыстарының 41%-ына тең. Әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайтудың болжамды өсуі 8,7%. 2024 жылы әлеуметтік салаға 741,2 млрд, 2023 жылы 664,5 млр. бағытталды.

Алматы, NEGE. 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қабылдау қарастырылуда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәслихаттың келесі отырысында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту мәселесі қаралатын болады.

Мәслихаттың алдын ала ақпараты бойынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2025 жылы 2,6 есеге - 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ 1326 дәрігер мен медициналық персоналды оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылады. Жаңа бюджеттен қаражаттың бір бөлігі Бостандық ауданында 500 адам қабылдайтын №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының, екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның және жаңа емхананың құрылысын аяқтауға бағытталады. Қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен, оның ішінде вакциналармен және иммунопрофилактикалық препараттарымен қамтамасыз етілетін болады. Сирек кездесетін аурулары бар 4 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмектермен қамтылады.

2025 жылы жедел жәрдемнің автопаркін жаңарту жалғасады, ол үшін 50 автокөлік сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары 20 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді, оның ішінде он нысанды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр және 30 жаңа және ескі денсаулық сақтау нысандарын жобалау жұмыстары жалғасуда.