USD
USD
USD

Мемлекеттік сатып алу көлемі 9,4 трлн теңге болды

Ол сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдердің мерзімін қысқартуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.

Пошта
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Сатып алуды өткізу мерзімі үш есеге 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Қоғамдық мониторинг жүргізіледі, жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді.

«Кілтімен тапсырғанға дейін» тетігі енгізілді, қосалқы мердігерге берілетін жұмыстар көлемі 30%-ға дейін қысқартылды.

Мөлшері аз сатып алуды жүзеге асыру мақсатында 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алу шегі 3 мың АЕК-тен 4 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2019 жылдан бері бір көзден мемлекеттік сатып алу көлемі 34%-дан 26%-ға дейін төмендеді.

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның базасында қолданыстағы сатып алу алаңдарын (goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz) интеграциялау арқылы Бірыңғай сатып алу платформасы құрылды.

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 9,4 трлн теңгені, отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар саны – 140 712 бірлікті, сомасы – 399,86 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жалпы сомасы 202,5 млрд теңгеге 109 909 шарт) айтарлықтай жоғары.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев