USD
USD
USD

2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру биыл қараша айында басталады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы желтоқсан айында Президенттің 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды бастау туралы тапсырмасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Астық
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Аталған көлемде қаражатты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта 2025 жылға арналған бюджет жобасында 45 млрд теңге көзделген.

Биылғы желтоқсан айында қаржыландыруды бастау туралы Президенттің тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, ол Үкімет отырысының қарауына шығарылды.

«Бұл шешімді күтпестен Аграрлық несие корпорациясы 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бастайды. Қазірдің өзінде 500-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер келіп түсті. Қаражат екінші деңгейдегі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық кредиттік корпорацияның өзі арқылы фермерлерге қолжетімді болады», - деді Азат Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі