USD
USD
USD

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етті. 

Мәди Такиев
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстары 25,5 трлн теңге болған.

«Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңге болды. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған болса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді», – деді Мәди Такиев.

Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға арналған 30 жатақхана пайдалануға берілген.

«Барлық қаржыландыру көзі есебінен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 980,5 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды және жөнделді», – деп атап өтті Мәди Такиев.

Көлік инфрақұрылымына да қомақты қаражат жұмсалған. 13 мың шақырымға жуық автожол, оның ішінде 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жол және 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөндеудің барлық түрімен қамтылған.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам