Референдум Референдум
USD
USD
USD

2025 жылдың соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен облыс әкімдіктері гидротехникалық нысандарды коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру бойынша жол карталарын әзірледі.

Су қоймасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осы жол карталарына сәйкес, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы – 245, ал 2027 жылы – 465 нысанды қабылдау көзделген. Сонымен қатар 1 937-ге жуық гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарда бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 арнайы техника берілді және 1 197 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 310 қызметкер биыл жұмыспен қамтылды.

«Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Бұл мамандандырылған ұйымдардың басты міндеті – гидротехникалық нысандарды қауіпсіз пайдалану, олардың техникалық жағдайын сақтау және уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов