USD
USD
USD

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық сот жұмыс істейді

Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Қылмыстық іс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы тәуелсіз кассациялық соттарды құруды көздейтін Конституциялық заңға қол қойды. Бүгінгі қабылданған заң кассациялық сот ісін жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Қылмыстық-процестік кодекске (ҚПК), Азаматтық процестік кодекске (АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске (ӘРПК) және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі. Заңда азаматтық және қылмыстық істерді кассациялық сатыда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылған. Енді азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы арыз емес, кассациялық шағым түсіретін болады.

Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Енді әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Ол сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағдарланады.

Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады. Сондай-ақ талап қоюшының таңдауы бойынша эксаумақтық соттылықты әкімшілік істерге де қолдану ұсынылады, бұл соттарға деген сенімді арттырады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.