USD
USD
USD

2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды

Бүгін Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті.

Энергетика
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Конференцияның пленарлық отырысын аша отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев инфрақұрылым сапалы болмай, экономикалық және индустриялық өсім, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мүмкін емес екендігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазақстан халқына Жолдауында қордаланған инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді түрде шешудің маңыздылығын айтты. Аталған мәселелерді шешу мақсатында былтыр желтоқсан айында Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға» бағытталған ұлттық жобаны бекітті.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков өз сөзінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасын жүзеге асыруда тауарларды сатып алуда ішкі құнды дамыту басты назар аударылатын бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті.

«Ережелерді әзірлеу барысында қазақстандық тауарларды жеткізу бойынша Ұлттық жобаның әлеуетті инвестициялық жобалары талданды. Нәтижесінде сомасы 2 201 триллион теңгені құрайтын 2 401 өнім түрін шығаратын 212 кәсіпорынның тізімі жасалды», – атап өтті Олжас Сапарбеков.

«Бүгінгі таңда қаржы институттары тарапынан ұзақ мерзімді және қолжетімді несиелеуді кедергісіз тартуды қамтамасыз ететін барлық қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды. Қазір біз Ұлттық жобаны іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне өттік. Биыл пилоттық режимде табиғи монополиялардың 48 субъектісі бойынша жалпы сомасы шамамен 144 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылуда», - деді Қанат Бозымбаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Колумбияда әскери ұшақ апат

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

Кеден