8 Тамыз 12:15
...
2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді

2025-2026 оқу жылына арналған білім беру грантының иегерлері анықталды.
Алматы, NEGE. Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан астам грант бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданды.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысының 99%-ы игерілді.
2025 жылы «Серпін» бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлініп, олардың 83%-ы игерілді.
Батыс өңірінің жастарына арналған мақсатты гранттар 2024 жылға сәйкес 100% игерілді.
Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 365 грант бөлінді.
2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды.
Гранттар ел экономикасының болжамды кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді.