USD
USD
USD

2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қаншаға өседі?

"Мемлекет басшысы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – де

2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қаншаға өседі?
Фото: NEGE.kz

п хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Заңға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- ең төменгі жалақы 85 мың теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;
- айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 мың теңгені құрайды.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат олардың сомаларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюы ескеріле отырып беріледі.

Бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5,2 триллион теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- Абай облысына – 234 948 938 мың теңге;
- Ақмола облысына – 354 724 684 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 293 012 614 мың теңге;
- Алматы облысына – 183 608 471 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысына – 245 334 008 мың теңге;
- Жамбыл облысына – 426 356 383 мың теңге;
- Жетісу облысына – 355 343 578 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысына – 251 390 766 мың теңге;
- Қарағанды ​​облысына – 322 790 809 мың теңге;
- Қызылорда облысына – 433 008 847 мың теңге;
- Қостанай облысына – 318 913 396 мың теңге;
- Маңғыстау облысына – 135 605 790 мың теңге;
- Павлодар облысына – 132 387 464 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысына – 316 648 616 мың теңге;
- Түркістан облысына – 1 001 641 890 мың теңге;
- Ұлытау облысына – 51 803 957 мың теңге;
- Шымкент қаласы – 207 506 595 мың теңге беріледі. 

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен