2024 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінің ресми отырысында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылы Астанада өтетіні туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге өтінімді Қазақстан бокс федерациясының жауапты тұлғалары берген. "Барыс Аренада" ғаламшардың үздік боксшылары рингте ең мықтыларды анықтайды.
"Қазақстан сияқты қуатты бокс державасы IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өткізеді. Әлем чемпионаты 7 жыл бұрын Астанада өткен болатын, енді одан да күшейіп қайта оралады, өйткені біз әйелдерге арналған жүлде қорын көбейтеміз. Чемпиондар 200 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде алады, ал жалпы жүлде қоры 12 номинация бойынша 4,8 миллион доллар болады. Бұл соманың 10 пайызы құрама жаттықтырушыларына беріледі. Керемет чемпионатты асыға күтудемін және боксшыларды 2024 жылы Астанада қарсы аламын", - деді IBA басшысы Умар Кремлев.