USD
USD
USD

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5% -дан 5%-ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарланып отыр.

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбекминнің мәліметінше, зейнеткерлікке шыққан кезде жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады.

"Бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.

Осылайша, әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілігі болады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала