USD
USD
USD

2024 жылы мамырдан желтоқсанға дейін Астана әуежайында ұшақтардың түнде ұшып-қонуына шектеу қойылады

Астана қаласының әуежайын толық жаңғыртуға байланысты дайындық жалғасуда. Оның шеңберінде Көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.

Астана аэропорт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздықтардың салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады.
Бұл іс-шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейтінін атап өту маңызды. Өз кезегінде ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар барлық қажетті құрылыс нормалары мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылатын болады.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және сенімгерлік басқару кезеңінде инвесторға артылған басты міндет - ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу болғанын естеріңізге саламыз.

Осы ірі жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезекте әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдау үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуеайлақ жабындарының сапалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған.
Осы орайда рейстер кестесіне өзгерістер енуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға әуе компаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінен рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт