USD
USD
USD

2024 жылы Қазақстанда жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2-ға төмендеген

Өткен жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың арасында жүктілік және босану жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ға қарсы 3,5) және 8,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,14-ке қарсы 2,88) төмендеді.

Жүктілік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4%-ға азайды.

Бүгінгі фертилдік жастағы балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жағдайды кейінгі 10-15 жыл ішіндегі демографиялық процестерге тікелей әсер етеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Жасөспірімдердің жүктілігі сезімтал әлеуметтік маңызды көрсеткіштерге жатады, өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтады, әлеуметтік проблемаларға тап болады, олардың мінез-құлқында суицидтік үрдістер мен психологиялық бұзылулар артады.

Қазіргі жағдайда жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығының жағдайы жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты, жасөспірімдердің арасындағы жыныстық дебют 16,5 жас.

БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) зерттеуіне сәйкес контрацепцияның қазіргі заманғы құралдарын жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша да пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі ең жоғары мәндерімен 20%-дан аспайды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова