Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды — ІІМ

2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

терроризм
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Тергеу нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды.

18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді. Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды. Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық