USD
USD
USD

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Меценат Дулат Тастекейдің бақылауындағы «TAS Finance Group» 2025 жылдың қорытындысын шығарды және сарапшыларды екіұдай пікірде қалдырды. Проценттік табыс жақсы өссе де, проценттік шығындар еселеп артқан. Нәтижесінде былтырғы табыс бұрынғы деңгейінде қалып отыр.

TAS
Фото: Nege.kz

Микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы – берілген қарыздар бойынша пайыздық кіріс екені белгілі. 2025 жылы TAS Finance үшін бұл көрсеткіш 28,3 миллиард теңгені құрады. Оң динамика бар, себебі бұл 2024 жылмен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Бірақ табысы артса да, таза пайда 8 миллиард теңгеден аса алмай, 7,9 миллиард теңге деңгейінде қалыптасты. Сонда бір жылдағы өсім 11 пайызды құраған. НЕГЕ?

TAS
Фото: "TAS Finance Group" ЖШС 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есебі

Компанияның пайыздық шығыстары көбейіп, қаржы тарту құны қымбаттап кеткен. Дәл осы фактор таза маржаны төмендетіп отыр. Пайыздық шығындар 53%-ға өсіп, 5,9 миллиард теңгеден 9,16 миллиард теңгеге жетті. Ал табыс бұл кезеңде тек 23%-ға ғана артты. Демек, шығыстар өсімі табыс өсімінен екі есеге жуық жоғары болды.

TAS Finance Group несие портфелін ұлғайтып, қарыз беру көлемін арттырған. Несие портфелі 67,5 млрд теңгеге жетті. Активтер 94,3 млрд теңгеге дейін өсті. Компания капиталы 37,2 млрд теңгені құрады.

Ағайынды Дулат пен Рахат Тастекейлер 2025 жылы компаниядағы өз үлестерін көбейтіп алды.

Олар бұған дейін компания акцияларының 1,5 пайызын иеленіп келген Бекен Архаттың үлесін сатып алған. Осылайша, енді бауырлардың ортақ үлесі 92,11%-ға жетті. Дулат Тастекей мен Рахат Тастекейдің әрқайсысының үлесі 46,055%-дан болып отыр. 

TAS
Фото: Nege.kz

2025 жылы TAS Finance Group бюджетке 2,1 млрд теңге салық төледі. Бұл қаражат қаржы секторында жиі кездесетіндей Алматы не Астана секілді ірі қалаларға емес, басқа өңірге түсті. Себебі компания ресми түрде Абай облысындағы Ақсуат аудан орталығында тіркелген. Аталған аудан үшін бұл өте ірі салық төлеуші болып саналады.

2026 жылдың басында микроқаржы ұйымының акционерлеріне 1,1 миллиард теңге дивиденд аударылды. Бұл қаржы 2025 жылғы пайданың есебінен берілді деп ойлаймыз. Осы сомадан ағайынды Тастекейлердің әрқайсысы 506 миллион теңгеден алды. Бірақ жылдық табыстың негізгі бөлігі компанияның қажетіне қалып отыр.

2025 жылы акционерлер өздеріне 255 миллион теңге дивиденд аударған еді. Ал ең қомақты дивидендті 2024 жылы алған. Ол кезде оларға 2,6 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленген.

Жалпы алғанда, ағайынды Тастекейлер пайданың тек азғантай бөлігін ғана өздеріне алып, қалған қаражат есебінен «TAS Finance Group» капиталын ұлғайтып келеді.

Қазір компанияның таза капиталы 37 млрд теңгеден асады. Соның 35,6 миллиард теңгесі үлестірілмеген кіріске жатады.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.