2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

2024 жылғы Олимпиаданың ашылуы: Тікелей көрсетілімді қашан және қайдан көруге болады?

Бүгін, 26 шілде күні 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Париж Олимпиадасы
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ. Дәстүрлі спортшылар шеруі биыл әлдеқайда басқаша форматта өтеді. Атап айтар болса, шеру стадионда емес, өзенде өтпекші. Спортшылар делегациясының шеруін Париждегі Сена өзені қабылдайды.

Әрбір құрамаға арнайы қайық бөлінеді (қайық саны 100-ге жуықтауы мүмкін. Себебі, бірқатар құрамалар бір қайыққа сыймайды). Ал өзен жағалауынан шеруді жанкүйерлер тамашалай алады. Спортшылар қайықпен алты шақырым жүзеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеру Париж тарихы мен архитектурасына визуалды саяхат болмақ.

Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының келесі бөлігі - Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді.

Шоуды франциялық театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындаған. Қойылымға 3000-ға жуық әртістер қатысады. Сондай-ақ, әншілер Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетеді деп күтілуде.

Қазақстан уақытымен тікелей көрсетілім сағат 22:30-да Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және "Хабар" арналарынан көрсетіледі.

Айта кетелік, боксшы Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова еліміздің туын ұстап шығады.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов