USD
USD
USD

2024-2025 оқу жылында 400 мыңға жуық оқушы орны ашылды

Биылғы оқу жылында елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 400 мыңға жуық орынды қамтыған 257 жаңа мектеп ашылды.

Мектеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы заманауи білім ордалары да бар.

Нәтижесінде, соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің санын 3 есеге дейін қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар, мыңдаған ауыл мектебіне жаңғырту жасалып, қолданыстағы мектептер күрделі жөндеуден өтті және 1700-ге жуық мектепте робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды.

Келесі кезеңде мектеп инфрақұрылымын біртұтас заманауи форматқа көшіру үшін жаңарту жұмыстары басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде 1 231 мектепті реновациялау жоспарлануда, олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер