USD
USD
USD

2023 жылы Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады  

2022 жылы елімізде химия саласында жалпы сомасы 54,6 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.

2023 жылы Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Барлық жоба толық қуатына шыққан бойда өндіріс көлемі шамамен 310 млрд теңгеге жетуі тиіс.

Экспортқа бағытталатын өнім көлемі 260 млрд теңгеге және импортты алмастыру 60 млрд теңгеге жуықтайды деп көзделген.

2023 жылы жалпы сомасы 58,1 млрд теңгеге 14 жобаны іске қосу жоспарланған.

Аталған жобалар арқылы 1040 адам жұмыс орнымен қамтылып, оның 17,6% және 14,4% ауылды жерлер мен моноқалалардың үлесіне тиесілі.

Барлық өндіріс орны жоспарланған қуат көлеміне толық шыққан кезде өндірілген өнім мөлшері шамамен 59 млрд теңгеге жетеді деп болжанып отыр:

- экспорт көлемі 11,6 млрд теңге

- импортты алмастыру 47,4 млрд теңге

Таяу болашақта химия саласында 6 трлн теңгеге 98 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл арқылы 13,9 мың тұрақты жұмыс ашылады деп жоспарланған.

Өңірлер бойынша химия өнеркәсібіне байланысты жобалардың едәуір бөлігі Жамбыл облысына (16 жоба немесе 16,33%) тиесілі. Маңғыстау облысында химия өндірісі бойынша 13 жоба (13,27%) қолға алынған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар