2023 жылы Алматы тұрғындары ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың өмір сүру сапасын арттырудағы бірінші кезектегі мәселе ретінде қалалық инфрақұрылымды модернизациялауды қолға алды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз
қызметі хабарлады.
Алматы. NEGE. ОКҚ-тегі брифингте Алматы әкімі Б. Сағынтаев 2023 жылы оңтүстік астананың 23 ықшамауданындағы 105 мың тұрғынның ауыз сумен 100% қамтамасыз етілетінін айтты. Бүгінде су құбылары мен кәріз желілерін тарту жұмыстары басталды. Көше жарығы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей және жанама ықпал ететін факторлардың бірі.
«Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды», – деді Бакытжан Сағынтаев және келер жылы 1176 көшенің жарығы реттелетінін атап өтті. Осылайша, сыртқы жарық деңгейі 100%-ға дейін жететін болады.
Айта кетерлігі, Алматының абаттандырылған аулаларының үлесі 55%. Жыл басынан бері 672 аулалар абаттандырылды. 2020 жылдан «Менің аулам» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынады. Аулаларды толық абаттандыру таяудағы екі жыл ішінде аяқталады.