USD
USD
USD

2023 жылға дейін жаңадан 50 мектеп ашылады

 Нұр-Сұлтанда 2023 жылға дейін жаңадын 50 мектеп пайдалануға беріледі. 

2023 жылға дейін жаңадан 50 мектеп ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елорда халқының саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың да көбеюіне әсер етеді. Мысалы былтыр 180 мыңнан аса оқушы болса, биыл 200 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. Әрине, кей мектептерде оқушының көптігі сезіледі. Әсіресе жаңадан салынған тұрғын үйлердің бір ауданда көп салынуы да мектепке деген сұранысты арттырады», - деп жауап берді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына.

Мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін бес жылдыққа кешенді жоспар жасалған. «Осы кешенді жоспардың аясында биыл 3 жаңа мектеп ашылды. Бұған қоса, тағы үш мектептің жанынан қосалқы құрылыс жүргізілді. Яғни, мектептерді кеңейттік. Жыл соңына дейін 2 жаңа мектеп, 3 қосалқы құрылыс ашылады. Осылайша 2023 жылға дейін барлығы 50 мектеп ашылады деп жоспарлап отырмыз», - деді басқармадан.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу