USD
USD
USD

2023 жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынылмақ

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар "жасыл стандарттар" бойынша салынған, энергия үнемдейтін баспана алу үшін жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша несие ала алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жасыл ипотека" бойынша бастапқы жарна 20%-ды құрайды. Егер ол бар болса, "Отбасы банкінің" клиенттері алдын ала қарыз алуға мүмкіндік алады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 12,5%. Алайда ол 10 жылдан кейін төмендейді.

 Несиенің ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге тең. "Отбасы банк" АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, салынып жатқан үйлердің энергия тиімділігі алдағы 50 жылда күн тәртібінде тұрған мәселе.

"Мұндай үйлерді қазақстандықтар жаңа жылдан бастап сатып алуға мүмкіндік алады. 35 млн теңгеге үш-төрт бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Біз Қазақстанда жасыл қаржыландырудың дамуына үлес қосып отырмыз деп ойлаймыз", - деді Ләззат Ибрагимова. Ол жобадан алынған тәжірибе әрі қарай ірі халықаралық қаржы компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін айтты. "Себебі қазірдің өзінде жасыл қаржыландыруға деген қызығушылық артып отыр", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков