USD
USD
USD

2023 жылдан бастап саусақ таңбасын алу жүйесі енгізіледі

2023 жылы елімізде жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеген кезде саусақ таңбасын алу енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты. 

2023 жылдан бастап саусақ таңбасын алу жүйесі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесін Азаматтық хал актiлерi жазбаларымен интеграциялау арқылы жалған құжаттар ұсыну мүмкіндігі жойылатын болады. Сонымен қатар әкімшілік кедергілер де алынып басталады. Біз азаматтардан тегінің өзгергендігі, туған жері мен күні, ұлты және басқа да нақтылау мәліметтері туралы құжаттарды талап етпейтін боламыз», - деді басқарма басшысы.

Оның атап өтуінше, 2023 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу немесе ауыстыру кезінде саусақтардың таңбасын алу енгізілетін болады.

«Бұл да заңсыз құжат жасау тәуекелін айтарлықтай төмендететін болады», - деді Арман Баймұхамбет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон