21 Желтоқсан 13:49
...

2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің ақша аударымдары қалай тексеріледі?

Фото:

2023 жылы банктер салық органдарына мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің ақша аударымдары туралы ақпарат бере бастайды. 

Бұл қалай жүргізіледі? Нәтижесі қандай болмақ? NEGE-нің тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі і Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновке осы сауалдарды жолдады. 

«Мобильді бақылау дейміз ғой. Өздеріңіз де білесіздер жалпы статистика бойынша қолма-қол емес, мобильді аударыммен өтетін ақша 40%-дан асса, қолма-қолға қайта аударылмайды. Сондықтан, мобильді аударымдарды бақылау біздің жүйемізге кіретін сала болып отыр. Біріншіден, бір-біріне аударылатын ақшаның саны 100-ден асса және ондай жағдайлар үш ай бойы қайталанатын болса, біздің бақылауға түседі», - деп жауап берді Данияр Жаналинов.

Бұл мемлекеттік қызметші саналатын жеке тұлғаларға қатысты, оларға теңестірілген және олардың жұбайларына қатысты.

«Квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері арасындағы фактілер бойынша бұл мәліметтер бізге 2024 жылы беріледі. Ал мәліметтер сараптама жүргізу үшін 2023 жылы түсе бастайды», - деді комитет төрағасы. 

Тегтер: