USD
USD
USD

2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

2023 жылдан бастап жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім негізінде 4 күндік жұмыс аптасына көшуге рұқсат берілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге осындай өзгерістер енгізуді ұсынды.

2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қабылданған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған.

Атап айтқанда, Еңбек кодексінде тұжырымдамалық аппаратқа "бірлескен еңбек" термині енгізілген.

«Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі. Отбасының науқас мүшесіне, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға зейнеткерлік жасқа екі жылдан кем уақыт қалған не зейнеткерлік жасқа жеткен кезде тараптардың келісімі бойынша бірлесіп жұмысқа орналасуға жол беріледі», - делінген құжатта.

Бұл ретте толық емес жұмыс кестесі қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы мен еңбек өтілінің есептелуіне әсер етпейді.

«4, 5 және 6 күндік жұмыс аптасы кезінде қосымша жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12, жылына 120 сағаттан аспауы тиіс», - деп көрсетілген өзгерістер енгізілгелі отырған құжатта.

4, 5 және 6 күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып есептеледі.

Ал бес күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен белгіленеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел