USD
USD
USD

2023 жылы 2,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалды.

Ажар Ғинаят
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Алдын алу шараларының арқасында аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ, олардың арасында оба, тырысқақ және полиомиелит бар.

Сондай-ақ 39 инфекция бойынша, оның ішінде коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша ауырғандар саны төмендеді.

Алдын алу мақсатында өткен жылы қауіп-қатер тобына жататын 2,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды, бұл халықтың 12%-ын құрайды.

Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері стационарларда 31 мыңнан астам науқас емделді, 2 млн-нан астам науқас амбулаториялық ем алды.

Ел бойынша барлығы 10 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын қойылды, олардың ішінде балалар үшін шамамен 3 мың төсек-орын қарастырылған.

2023 жылдың соңында елде 29 мыңнан астам қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді, оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

1 қаңтардан бастап 1 674 қызылшамен сырқаттанушылық тіркелді.

Жағдайды тұрақтандыру үшін өткен жылы жоспар бойынша вакциналау жүргізілді, нәтижесінде алты жасқа дейінгі 700 мыңға жуық бала екпе алды.

Бүгінгі таңда қосымша вакциналау аясында 930 мыңнан астам адам екпе алды, күн сайын 20 мыңнан астам адам вакцина алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар