USD
USD
USD

2022 жылы тіркелген 128 мың некенің 44 мыңы бұзылған

Былыр елімізде 128 мыңнан астам жұп некесін қиса, 44 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасып кеткен.

2022 жылы тіркелген 128 мың некенің 44 мыңы бұзылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статбюроның дерегіне сүйенсек, өткен жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

«Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құрады. Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі – 79,1%, әйелдер арасында – 81%. Некені алғаш құрғандардың орташа жасы: ерлерде – 28 жас, әйелдерде – 25,2 жас.

2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген – 15 267» делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен жылы 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% төмен.

2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, бұл ажырасулардың жалпы санының 34,6%. 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша