USD
USD
USD

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды

Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр, деп хабарлады Мәдениет және Спорт министрлігі. 

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген. Былтыр ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барды.

Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды. Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.

«Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті