USD
USD
USD

2022 жылы елордада 16 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл салынатын мектептер жайлы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2022 жылы елордада 16 мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Баланың білім алуға деген зейінін ашу үшін білім беру сапасын арттырып, оқуына барлық жағдай жасалып жатыр. Бәрімізге белгілі, мектеп – баланы тұлға ретінде қалыптастыратын орын.  Мектеп құрылысына жеке инвестициялар тартамыз. Инвесторлармен кездесіп, білім беру саласындағы жобаларды, яғни мектептер мен балабақшалардың құрылысын талқыладық. Инвесторларға қойылатын шарт – мектеп құрылысыны белгіленген мерзімде бітіру.

Биыл 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Оқу орындары барлық аудандарда, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға баса назар аударамыз.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы жылдары мектеп құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мысалы, 2019 жылы 6 мектеп салынса, 2020 жылы 11 мектеп салынды.  

Өткен жылы 15 мектеп салдық. Бұл 40 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа мектептер есебінен үш ауысымды мектептер саны 5 оқу орнына қысқарды, сол сияқты 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілді», - деп жазды елорда әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино