USD
USD
USD

2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан астам адам тіркелді

28 сәуірде елімізде негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталды. Құжаттарды қабылдау басталғаннан бері 2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан астам адам тіркелді. Өтініштерді қабылдау 14 мамырға дейін жүргізіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев осындай мәліметтерді жария етті.

2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан астам адам тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында өтініш беруге болады.  

«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Екі тестілеу кезінде бейінді пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат», - деді спикер. 

Сонымен қатар, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич