USD
USD
USD

2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады

2021 жылы барлық мейрам кезінде 3-4 күндік демалыс болады. Ең ұзақ демалыс – қаңтар айында жаңа жыл қарсаңындағы 4 күн.

2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы 1-4 қаңтар аралығы жаңа жылдық демалыс болса, наурыз айында 5 күн бойы Наурыз мейрамы құрметіне демаламыз. Мамыр айында Қазақстан Қарулы күштері күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн демаламыз. Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 4 күн қатарынан демаламыз. Қалған мерекелердеді демалыс 3 күнге созылады. 2021 жылы Астана күні 3 шілдеден 5 шілдеге, яғни сенбіден дүйсенбіге ауыстырылуы мүмкін.

2021 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі қаулы шығарған болатын. Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 2021 жылғы 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар елорда күні 4, 5, 6 шілде күні демалатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс