USD
USD
USD

2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.

2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы мереке күндерін қосқанда қазақстандықтар 121 күн демалады.

Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.

Айта кету керек, 2021 жылы барлық мереке демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен қазақстандықтар 3-4 күн қатарынан демалады.

Сонымен, 2021 жылғы ең ұзақ демалыс күндер:
қаңтарда – Жаңа жылда – 4 күн;
наурызда – Наурыз мерекесі құрметіне – 5 күн;
мамырда – Жеңіс күнінде – 4 күн;
желтоқсанда – Тәуелсіздік күніне – 4 күн.

Басқа мерекелерде демалыс күндері үш күнге созылады. Сонымен бірге, бір демалыс Рождествоға – 7 қаңтарға сай келеді, Құрбан айттың бірінші күні де демалыс болып табылады, ол 20 шілдеге сәйкес келеді. 8 наурыз дәстүрлі түрде Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтіледі. Наурызда Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге келгендіктен, осы күнге арналған демалыс 3 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

9 мамырдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні жексенбіге де келіп түседі, соған байланысты демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

Айта кету керек, алдағы жылы қазақстандықтар Астана күнін 3 күн – 4,5 және 6 шілдеде атап өтеді. Ал сенбі, 3 шілде жұмыс істейді (кейінге қалдырылды).

30 тамыз – Конституция күнінде де демаламыз.

Желтоқсанда бізде 3 мереке болады: 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес