USD
USD
USD

2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

 Биылдан бастап жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлектер грантты мамандық бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі. 

2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» Заңға 2016 жылы енгізілді. Сәйкесінше, грантпен оқыған студенттер оқуын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын. Тиісінше, бұл норма 2017-2018 академиялық жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студентке қатысты қолданылады. «Егер студент жоғары оқу орнына грант бойынша 2017 жылы түсіп, 2020-2021 академиялық жылы оқуын аяқтаса, ол грантты бұрын қабылданған заңға сәйкес өтейді. Сондықтан бұл ретте айтарлықтай жаңашылдық жоқ», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді. Енді жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлектер грантты мамандық бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады. Сонымен қатар жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мәселен, студент жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе керісінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлімге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады. Еске сала кетсек, 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Гранттардың бірнеше түрі енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

мұғалімдердің жеке дерегі

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

тұрғын үй

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

қару

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Азамат Қапенов