USD
USD
USD

2021 жылы аты-жөніңізді латын әрпімен жазу ережесі әзірленеді

Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021 жылы аты-жөніңізді латын әрпімен жазу ережесі әзірленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.

"Абай институты" атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері әзірленеді", - Дәуешов.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады.

Вице-министрдің айтуынша, 2021 жылы президенттің "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы" жарлығына да өзгерістер енгізіледі.

Айта кетейік, қаңтардың аяғында премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес