USD
USD
USD

2021 жылы «Әліппе» енгізіледі

«Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.

2021 жылы «Әліппе» енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», - деді вице-министр Орталық коммуникацияар қызметінде. Оның сөзіне қарағанда, осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. «Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», - деді Шолпан Каринова. Оның айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.

Қазір оқып жатыр

Германиямен ғылыми-технологиялық ынтымақтастық Қазақстан экономикасына қандай мүмкіндік береді?

Анель Киреева

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова