USD
USD
USD

2021 жылдан бастап білім бөлімдерінің міндеті білім басқармасына өтеді  

 Келер жылы қала және аудандық білім саласы облыстан қаржыландырылады. Яғни, мектептер мен балабақшалар облыстық білім басқармасына қарайды.

2021 жылдан бастап білім бөлімдерінің міндеті білім басқармасына өтеді  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның негізінде жергілікті білім беру ошақтарының басшыларын әкімдер емес, басқарма тағайындайды. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Осы бағытта тиісті заңнамаларға 27 өзгеріс енгізілген.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Ең басты мақсат – білім сапасын арттыру. Біріздендірілген қаржыландыру проблемалары мен басқару проблемаларын шешу болып табылады. Мұның алдында өңірлерде шешім қабылдау орталықтары 220-дан асатын болса, келесі жылдың қаңтар айынан бастап 17 болады. Барлық бюджет орталықтандырылады. Енді облыс деңгейінде, жалпы облыстық бюджеттен мектептер, балабақшалар қаржыландырылады деген мәселе»,  –  деді.

 Биылғы оқу жылында еліміздегі жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысын 32%-ке дейін көтеру міндеті қойылды. Бұл үшін мемлекеттік грант көлемі ұлғайды. Ел аумағындағы ұлттық және мемлекеттік оқу орындарында да оқытушылар мен профессорлар құрамын жоғары жалақымен қамту үшін ішкі механизмдерді оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Нұргелді Кердеш

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы