USD
USD
USD

20-21 маусымда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді

Биыл 20-21 маусымда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді.

20-21 маусымда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Форумның негізгі мақсаты - волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасындағы еріктілер бағытындағы көшбасшы екендігін көрсету.

Бұл туралы ҚР АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыров ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті. Форумның ұраны «Тектегі ізгілікті оят!». Логотипі – «Ізгілік тегі» символы ретіндегі ДНҚ фрагменті мен волонтер сұлбасынан тұрады.

«Форумға 34 елден 40-тан астам спикер, 140-қа жуық шетелдік қатысушы келеді. Жалпы 400 адам қатысады деп күтілуде», - деді спикер ОКҚ алаңында.

Форумға қатысуға қызығушылық танытқан өңірлік 80 қатысушы-волонтер іріктеу конкурсы арқылы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік