USD
USD
USD

2021: Қазақстан қанша тонна мұнай экспорттады?

Қазақстан биыл 67,6 млн тонна мұнай экспорттаған.

2021: Қазақстан қанша тонна мұнай экспорттады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ай ты.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна болды. Экспорт 67,6 млн тоннаға жетті. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 17,1 млн тонна және мұнай өнімдерін өндіру көлемі 13,1 млн тонна болды», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мұнай өндіру қарқыны өскен.

«Келешекте мұнай өндіру бұдан әрі ұлғаяды. Еліміздің мұнай өндірудегі драйверлері – 3 мұнай-газ жобасы: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ, ол «Теңіз» жобасының келешегіне тоқталды.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша «Теңіз» жобаларында мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тонна, газ өндіру көлемі 14,5 млн тоннаға тең болды. Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд доллар болатын «Келешек» кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Бұл мұнай өндірісін жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 87 пайыз болды. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», -деді ведомство басшысы.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп