USD
USD
USD

2020 жылы әлеуметтік цифрлық әмиян арқылы төлеу тетігі іске асады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік цифрлық әмиянның жұмысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

2020 жылы әлеуметтік цифрлық әмиян арқылы төлеу тетігі іске асады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Азаматтың әлеуметтік цифрлық әмиянын енгізуді, сонымен қатар тиісті тауар өткізуші жүйе құруды тапсырды. Бүгінде Еңбек министрлігі тарапынан республикалық бюджеттен жылына әлеуметтік төлемдердің 39 түрі жалпы 3,4 трлн теңгеге жүзге асырылады. Барлық төлемдер екінші деңгейдегі банктердегі алушылардың шоттарына аударылады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сауда және интеграция, Цифрлық даму министрліктері біраз дайындық жұмыстарын жасады.

«Енді 2020 жылдың соңына дейін атаулы әлеуметтік көмекті әлеуметтік цифрлық әмиян арқылы төлеу тетігін қанатқақты режимде іске асыратын боламыз. Әлеуметтік цифрлық әмиян азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі негізінде пысықталады. Екінші кезеңде 2021-2022 жылдары аталған министрліктер Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесе ресбликалық, жергілікті бюджеттерден, әлеуметтік сақтандыру әрі Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы мен жәрдемақыларды Әлеуметтік цифрлық әмиян арқылы төлеу тетіктерін іске асыратын боламыз», - деді Б. Нұрымбетов.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік жүргізушісі жазаланды

Өрт

Қай өңірдің тұрғындары көбіне зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді?

жұмыс

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

ит

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Балалар