USD
USD
USD

2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Елімізге шетелден келген қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% Өзбекстаннан, 8,9%-і Түрікменстаннан, 3,7% Моңғолиядан және 3,2%-і басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%), Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды. 11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2% және зейнеткерлер 10,6%-ті құрайды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес