USD
USD
USD

2020 жылғы демалыс күндері

 2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады,

2020 жылғы демалыс күндері
Фото: NEGE.kz

 деп хабарлайды Uchet.kz. Биылғы демалыстар дәстүр бойынша Жаңа жылдан басталады.

Алматы, NEGE.  Жыл басында қазақстандықтар 4 күн – 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады. 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі. Ал 7 қаңтарда қазақстандықтар Рождество құрметіне демалады. 2020 жылы ең ұзақ демалыс наурыз, мамыр, желтоқсанда болады.   Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар 3 күн – 7, 8 және 9 наурызда демалады. Ал Наурыз мейрамында 5 күн - 21-25 наурыз аралығында демалады. 

Ал мамырда демалыс күндері Қазақстан халқының бірлігі мейрамында 1, 3 күндері және 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде демалады. Айта кетейік, 8 мамыр жұмыс күні болып есептеледі, алайда 9 мамыр сенбіге түскендіктен демалыс дүйсенбі 11 мамырдан 8 мамыр жұмаға түседі.  Ал қыс мезгілінде қазақстандықтар 1 желтоқсан және Тәуелсіздік күніне 16-19 желтоқсанда демалады.Биыл 18 желтоқсан жұмаға түскендіктен 20 желтоқсан – жұмыс күні.   

Сонымен қатар, шілдеде қазақстандықтар 4-6 аралығында астана күні құрметіне және 31 шілде мен 2 тамыз аралығы Құрбан-айт мейрамында демалады. Тамызда 29-31 аралығында Конституция күнінде демалады.  Көбіне қазақстандықтар наурыз, мамырда демалады, бұл айларда 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күндері бар. Ал қазан керісінше жұмыс күндеріне толы (23 күн) мезгіл болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт